Жарнама
Жарнама

Тарих – Орталық Азиялық футболшы Англия лига кубогын еншіледі

Бүгін, 09:56

Бұл тек Өзбекстан футболы үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін тарихи сәт. Өзбекстандық  қорғаушы Абдукодир Хусанов Еуропадағы алғашқы ірі жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" сапында өнер көрсететін Өзбек бауырымыз Англия лига кубогы (Carabao Cup) финалында тамаша ойын көрсетіп, кубокты басынан асыра көтерді.

Лондондағы аңызға айналған "Уэмбли” стадионында өткен финалда "Манчестер Сити” “Арсеналды” 2:0 есебімен ұтып, кезекті жүлдесіне ие болды. Хусанов алаңда толық 90 минут бойы тер төгіп, қорғаныс шебінде темірдей беріктік танытты.

Атап айтар болсақ, ол қарсыластың орталық шабуылшысы Виктор Дьокерешті толықтай тұсап, оған ешқандай мүмкіндік бермеді. Бұл Хусановтың салқынқанды ойын стилінің жемісі. Ол Англия лигасы кубогын иеленген тарихтағы тұңғыш Өзбек футболшысы атанды.

"Арсеналдың” бұрынғы аңыз бапкері Арсен Венгер Хусановтың ойынына тәнті болып, өз пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, Абдуқодир — кез келген бапкер үшін нағыз олжа.

"Мұндай футболшылар бапкерлерге өте қатты ұнайды. Неге десеңіз, ол артық әрекетке бармайды, тек өз міндетін — қорғанысты мінсіз атқарады. Премьер лигаға келгелі бері қарсыластары оны тек 3-ақ рет алдап өткен. Бұл оның ойынға деген зейіні мен темірдей тәртібін көрсетеді." — деді Венгер.

Венгер атап өткендей, Хусановтың басты артықшылығы — оның футболдағы парасаты мен зейінінде. Ол алаңда артық күш жұмсамай-ақ, қарсыластың жүрісін алдын ала есептеп отырады. "Манчестер Сити” бапкерлер штабы да жас қорғаушының әлеуетіне толықтай сенім артып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров