УЕФА-ның апелляциялық комитеті Уэйн Рунидың жазасын үш кездесуден екіге азайтты.
Естеріңізге сала кетсек, 2012жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сыны аясында Черногория қорғаушысы Миодраг Джудовичке қарсы өрескел ойнаған Руни бірден алаңнан қуылған еді. Мәселенің бүге-шігесіне дейін зерттеген арнайы комиссия ағылшын футболшысын әлем чемпионатының 3 бірдей кездесуінен аластату туралы шешім қабылдаған болатын. Бір қызығы, аяғынан ауыр соққы алған Джудович УЕФА тарапына арнайы хат жолдап, әйгілі футболшының жазасын жеңілдетуді өтініпті. Швейцарияның Базель қаласында бірнеше сағатқа созылған жиында “Манчестер Юнайтед” ойыншысы өз қылығының орынсыз болғанын айтып, кешірім сұрады. Өз кезегінде комиссия шешімін естіген черногориялық футболшы шын жүректен қуанышты екендігін мәлімдеді. Жігіт мәрттігі деген осы шығар.