Жарнама
Жарнама

Тастанбек Есентаев: «Елдосқа мен кет деген күні, кетесің деп айттым»

01.01.2022, 23:23
Клубтың бас директоры Благоевичтің бұл трансферге қарсы болмағанын айтты.
Жарнама
Жарнама

Бірнеше күн бұрын елордалық клубтың «Тараз» қорғаушысы Елдос Ахметовті бас бапкердің рұқсатынсыз алды деген ақпарат шыққан болатын. Осыған қатысты клубтың бас директоры Тастанбек Есентаев өз пікірін білдірді.

«Бұл іспен Бағлан Ергешов және Санжар Сейтқазинов айналысты. Олар бапкермен сөйлесті, мен сол кезде олардың жанында отырдым. Бірауыздан келісіп, сараптама жасаңдар, содан кейін өз пікірлеріңді білдіресіңдер деп айттым. Благоевичке сұрақ қойылды. Ол Елдостың жақсы ойыншы екенін айтты. Басқа ештеңе естімедім. Әркім әртүрлі айтып жатады. Бірақ бәрі сол кезде бірауыздан оны аламыз деген мәмілеге келді. Оның мінезді ойыншы екенін білеміз. Бірақ Елдос Қазақстан құрамасында доп тепкен. Одан бөлек, ұлттық құрамада ойнайтын алты ойыншыны қатарға қосқалы жатырмыз. Өзіміздің бауырларымызға көп көңіл бөлу керек. Бәрі легионерлер жақсы ойнайды деп санайды. Менің ойымша, біз жергілікті жастарға мүмкіндік берсек, олардың да намысы оянады. Мен Елдоспен сөйлестім. Оған: «Бауырым, сенің мінез көрсететін ойыншы екеніңді, кейде команданы басқа жаққа бұратыныңды айтты. Егер осындай жағдай орын алса, мен кет деген күні, кетесің» деп айттым. Командадағы тәрбиелік жұмыстарға араласамын. Қазірге дейін бұл жағынан қиындықтар болған жоқ», - деді Есентаев YouTube-тағы Yessen Yeleuken арнасына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров