Жарнама
Жарнама

Тәжікстан құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

09.11.2021, 18:12
Бұл тізімге «Ордабасы» клубының да жартылай қорғаушысы кірді
Жарнама
Жарнама

Тәжікстан құрамасы Қазақстанмен болатын матчқа шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады. Олардың ішінде «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Мухаммаджон Рахимов та бар.

Қақпашылар: Шохрух Киргизбоев, Мухриддин Хасанов (екеуі де – «Истиклол»), Далер Азизов («Регар-ТадАЗ»);

Қорғаушылар: Давронджон Эргашев («Бунедкор», Өзбекстан), Табрези Давлатмир («Нарва Транс», Эстония), Вахдат Ханонов, Манучехр Сафаров (екеуі де – «Персеполис», Иран), Зоир Джурабоев («Истиклол»), Алиджон Кароматуллозода (ЦСКА);

Жартылай қорғаушылар: Парвизджон Умарбоев («Локомотив», Пловдив, Болгария), Нуриддин Давронов («Борнео», Индонезия), Эхсони Панджшанбе («Навбахор», Өзбекстан), Мухаммаджон Рахимов («Ордабасы», Қазақстан), Алишер Джалилов, Амирбек Джурабоев, Шервони Мабатшоев (бәрі – «Истиклол»), Кароматулло Саидов («Худжанд»);

Шабуылшылар: Шахром Самиев («Торпедо-БелАЗ», Беларусь), Шериддин Бобоев («Пенанг», Малайзия), Манучехр Джалилов («Истиклол»), Джахонгир Эргашев («Эсхата»). 

Айта кетейік, қос команда арасындағы кездесу 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров