Жарнама
Жарнама

Тек қана жеңістің синонимі – Шымкент пен Павлодарды құтқарған шебер енді Түркістанды дүр сілкіндірмек

Бүгін, 18:58

Қазақстан футболы тарихындағы ең табысты әрі ең ықпалды менеджерлердің бірі Түркістандық ұжымның құрамына кірді. Белгілі маман Ұлықбек Асанбаев ресми түрде "Тұран" футбол клубының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Футбол сүйер қауым Ұлықбек Асанбаевтың есімін тек қана ірі жеңістермен және тарихи жетістіктермен байланыстырады. Ол қызмет еткен кез келген ұйым аз уақыттың ішінде чемпиондық деңгейге көтеріліп, сенсация жасауды әдетке айналдырған.

Асанбаевтың футболдағы аңызға бергісіз жетістіктері:

– "Шахтер” : Оның тұсында Қарағандылық кеншілер екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

– "Ордабасы” : Асанбаевтың сауатты менеджментінің арқасында Шымкенттік ұжым өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанып, Қазақстан Кубогін төбесіне көтерді.

– “Ертіс” : Өткен маусымда Асанбаев келгеннен кейін Павлодарлық "Ертіс” екінші айналымда сұрапыл нәтиже көрсетіп, ҚПЛ-ге жолдама алды.

Ұлықбек Пахридиновичтің Түркістанға келуі жай ғана лауазымдық тағайындау емес. Бұл — амбициясы жоғары "Тұран" клубының енді тек чемпиондық амбициялар үшін күресетінінің нақты белгісі деуге болады.

Инфрақұрылымы мен стадионы жаңа деңгейге көтеріліп жатқан оңтүстік ұжымы енді трансфер нарығында да, тактикалық жүйеде де үлкен серпіліс жасамақ. Қазақстанның ең мықты топ менеджерінің қол астында "Тұран” алдағы уақытта алпауыттардың басты бәсекелесіне айналуы әбден мүмкін. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров