Жарнама
Жарнама

Темірлан Әміров: «Бізге биылғы маусымда мол жауапкершілік жүктелген»

05.07.2021, 04:21
Темірлан кешегі матчта екі гол соқты.
Жарнама
Жарнама

«Тұран» - «Тобыл» командалары арасындағы тартысты өткен кездесуде екі голдың авторы атанған Темірлан Əміров өзінің пікірімен бөлісті.

- Темірлан бүгінгі матчта екі голдың авторы атанып, жерлестеріңе тамаша көңіл-күй сыйладың. Ал, енді тартысты кездесу туралы өз ойыңмен бөліссең.

- Бүгін керемет ойын болды, бірақ нәтиже көңілге қонымды емес. Бірақ әріптестерім жеңіске жету үшін, ойында өздерінің бар күштерін жұмсады. Нəтижесінде ойын тартысқа толы өтті. Қарсыластарымыз биылғы футбол маусымында чемпиондық титулды ұтып алу үшін алдарына мақсат қойған ұжым. Дей тұрғанмен біз оларға қарсы сауатты түрде ойын өрнегін көрсете білдік.

Бастысы, матчты тамашалауға келген жанкүйерлер біздің жеңіске жетуі үшін жігерленгенімізді көрді. Бұл ойында жеңіс біз жақта болмағанымен, өз жанкүйерлерімізге тамаша көңіл-күй сыйладық деп ойлаймын.

Сондай-ақ бүгінгі матчта біздің команда құрамында кадрлық жетіспеушіліктер туындады. Командаға әр кез дұрыс бағдар беріп жүретін Таңат Нөсербаевтың ойында жоқтығы ерекше әсер етті. Таңат командамызда сөзсіз көшбасшы.

Мен алаңға шығып, ойынға дайындалып жатқанда міндетті түрде гол соғамын деп өзімді шыңдаймын. Барлық күшімді алаңда сарп етіп, нәтижелі ойын көрсетуді басты мақсат етемін. Бүгінгі ойында бағым ашылып, екі голдың авторы атандым. Дегенмен, екінші голда қарсыластың қорғаушысына кедергі келтіріп, екінші голды еншіледім. Екінші голды төрешілердің өздері анықтайтынын білдім. Бірақ бұл голды менің еншіме жазды. Бұл сәтте мен үшін еш айырмашылық жоқ еді. Бастысы командама есепті еселеп, жеңіске деген құлшыныстарын ояттым. Бүгінгі кездесуде соғылған голдар командаға жеңіс әкелмесе де, біздің жанкүйерлердің командаға қолдау көрсетуге деген қызығушылықтарын оятты. Олардың керемет эмоцияларын көріп, іштей қуандым. Себебі келесі матчтарда бізді қолдайтын жанкүйерлердің қатары артып, командаға жігер беретіні көрініп тұрды.

Мен командама сенемін. Алда әлі кездесулер бар. Премьер-лигада қалу үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Біздің жаттықтырушымыз бұл жауапкершілікті жақсы біледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров