Жарнама
Жарнама

Темірлан Анарбеков 40 күнге дейін алаңға шықпайды

16.09.2025, 08:20

Қазақстан Премьер лигасының 23-турында өткен "Қайрат" – "Ақтөбе" матчыннан кейін Алматылық клубтың қақпашысы Темірлан Анарбековтің ауыр жарақат алғаны белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

Fonteam подкастында спорт комментаторы Әлімжан Асқар жарақаттың нақты сипатын айтып берді:

"Оның жақ сүйегі сынған, ақыл тісі сынған, мойнында ашық жара бар. Қалпына келу мерзімі шамамен 40 күн. Егер дәл 40 күнде алаңға шықса, Петр Чех сияқты арнайы шлем киюі мүмкін." – деді ол.

Сондай-ақ, комментатор алдағы Чемпиондар лигасының ойындарына қатысты маңызды жаңалықты да бөлісті:

"Спортингке" қарсы ойында қақпаны 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғайды. Егер Темірлан әлі де жазылып үлгермесе, жас қақпашының "Реалға” қарсы да алаңға шығуы әбден мүмкін.” – деді Әлімжан Асқар.

– Fonteam

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров