Жарнама
Жарнама

Темірлан Анарбеков: “Біз матчқа сақадай саймыз”

Бүгін, 15:07

Қақпашы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы аясында Лондондық "Арсеналға" қарсы өтетін  ойын алдында өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жас қақпашы әйгілі стадионда өтетін кездесудің жауапкершілігі мен команданың дайындығы туралы айтты.

Ойын алдындағы сезім

Анарбеков мұндай деңгейдегі матчқа қатысу әр футболшы үшін үлкен мәртебе екенін жасырмады:

"Мұндай деңгейдегі ғаламат матчтың бір бөлшегі болу — керемет сезім. Бұл — әркім өзін жекелей көрсететін ойын және біз алаңда кез келген жағдайдың болуы мүмкін екенін жақсы түсінеміз.” 

Дайындық пен фокус

Лондондық клубтың шабуыл шебі өте қауіпті екенін ескере отырып, Темірлан команданың барынша жинақы екенін атап өтті:

"Біз ертеңгі додаға сақадай саймыз және бар зейініміз тек осы ойынға ауған. Барымызды салуға тырысамыз."

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков биылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде жасаған сейвтерінің саны бойынша үздік қақпашылардың қатарында тұр.

“Арсенал” – “Қайрат” матчы бүгін түнде сағат 01:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров