Танымал түркиялық скаут Әли Емре «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков туралы айтып, өнерін бағалады.
Түркиялық маман пікірінше Қазақстан құрамасының қақпасын күзететін спортшы ЧЛ-дағы үздік үштіктің қатарында және «Фенербахчеде» ойнауға лайық.
«Ифран Джан «Фенербахчеден» кететін болса, оның орнын Темірлан Анарбеков басады. Бүгінде ол Чемпиондар Лигасының ең үздік 3 қақпашысының қатарында тұр. Егер Темірлан қазақстандық емес, бразилиялық болса, оның құны 10-15 миллион еуроға жететін еді», - деді Ә. Емре.
Дәл қазір Анарбековтің нарықтық бағасы 400 мың еуро. 22 жастағы қақпашы ЧЛ негізгі кезеңінде 4 матчта өнер көрсетіп, 1 ойында қақпасын голдан аман алып қалды.
Біздің серіктес: FONBET