Темірлан Анарбековтің бұрынғы командаласы Матия Ром «ASnews.kz» сайтына сұхбатында қазақстандық қақпашының әлеуеті мен болашағы туралы ойымен бөлісті.
Словениялық футболшы мен 22 жастағы қақпашы «Жеңіс» намысын қорғаған.
«Ғалымжан Кенжебек секілді Анарбеков те «Жеңістегі кезінен бері ойын тұрғысында алдыға үлкен қадам жасады. Темірлан сол кездің өзінде әлеуетін байқатқан болатын. Қақпашы үшін өте жылдам, сол аяқпен жақсы ойнайды. Кейін «Қайратта» шеберлігі шыңдала түсті және дәл қазір Қазақстандағы мықты қақпашының бірі саналады. Болашақта оны еуропаның бір лигасынан көретінімізге сенемін, алайда, клубты електен өткізіп барып таңдағаны жөн. Қақпашы деген спецификалық позиция ғой. Оған басынан бірінші нөмір болатындай командаға бару керек, сөйтіп сол жерде шыңдала түсетіндей», - деді М. Ром өз ойын түйіндей келе.
Темірлан Анарбековтің ЧЛ-дағы жарқын ойыны шетелдік скауттардың назарын аударған. «Қайрат» қақпашысына қызығушылық танытқандар арасында түркиялық клубтардың болғаны белгілі. Темірлан Анарбековтің алматылық клубпен 2028-жылға дейін жарамды келісімшарты бар. Қақпашының нарықтық бағасы 400 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET