Жарнама
Жарнама

Темірлан Анарбеков мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін

“Қайрат” қақпашысына Болгарияның ең титулды ұжымының көзі түсуде.

Жарнама
Жарнама

Софиялық ЦСКА өз біріншілігінде ең мықты ұжымдардың бірі саналады. Жыл сайын еурокубокте бақ сынайтын клуб Болгария чемпионатын 31 мәрте, және ел Кубогын 21 мәрте жеңген. 

Мансабын “Атырау" академиясында бастаған Темірланды София командасы беларус Федор Лапоуховтың тікелей бәсекелесі ретінде алуды көздеп отыр. Ол Анарбековтың құрдасы саналады. Командадағы басқа қақпашылар деңгей төмен болғандықтан, Федор позициясында ешқандай бәсекелестік орнамай тұр. Ал бапкер Христо Янов бұл олқылықтың орнын қазақ баласымен толтыруды құп көруде екен.

Жалпы Темірлан осы маусымда барлық турнирлерде "Қайрат" үшін 8 матч өткізді. Одан тағысы, ел құрамасында Анарбеков Уэльске қарсы өз алаң ойынымызда дебют жасады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: