Қысқы трансфер терезесі ашылмай жатып Темірланның есімі Португалияның қос алпауыты — "Бенфика" және "Спортингтің" тізіміне енгені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Португалиялық журналист Альмейданың жазбасынша Португалиялық топ клубтардың скауттары Анарбековтің ойынына ерекше мән беруде.
АЗИЯ-СПОРТ телеграм арнасы да бұл ақпаратты растай түті. Олардың дерегінше, Темірланның мықты чемпионатқа ауысу ықтималдығы өте жоғары.
Тағы бір маңызды жайт – тәжірибелі голкипер Александр Заруцкийдің “Қайратта" қалуға оңай келісе салуы көп нәрсені аңғартады. Әдетте тәжірибелі қақпашылар бәсекесі тым жоғары болған командаларда қалуға асықпайды. Ал Заруцкийдің командада қалуға келісуі – клуб ішінде Анарбековтің кету мүмкіндігіне дайындық жүріп жатқанын меңзеуі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET