Жарнама
Жарнама

Темірлан Ерланов: «Қақпадан допты алып шығу - әр қорғаушының міндеті»

12.10.2020, 22:35
Кешегі матчта Темірлан қақпамызды 100 пайыздық голдан аман сақтап қалған еді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов Ұлттар Лигасы аясында Албаниямен өткен ойынды қорытындылады.

– Қақпадан допты шығарғаннан кейін не ойладыңыз?

– Бұл - әрбір қорғаушының міндеті. Қорғаушының жұмысы қақпашыға көмектесу. Бәріміз жүз пайызға ойнауымыз керек.

– Қарсылас командадан осындай қысым күттіңіз бе?

– Албания – өте мықты команда. Өздеріңіз білесіздер, бұл құраманың ойыншылары Еуропада ойнайды. Сондықтан, бүгін осындай нәтижеге жеткенімізге өте қуаныштымын.

– Команданың қорғаныстағы өзара түсіністігі қалай?

– Командада бәріміз бір-бірімізді түсеніміз, түсініспеушілік болған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров