Жарнама
Жарнама

Темірлан Ерланов «Тобылдан» кетті

20.02.2021, 02:23
Темірлан қазір «Ордабасы» сапында жаттығып жүр.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов "Тобылмен" қоштасып, жанкүйерлерге алғыс айтты:

"Күні кеше мен "Тобыл" сапынан кеттім. Өткен жыл мен үшін ерекше болды. Қостанай қаласына да, командаға да өкпем жоқ. "Тобыл" құрамында ел біріншілігінің вице-чемпионы атандым. Клуб басшылығы мен бапкерлер құрамына қолдаулары үшін, түсіністігі үшін алғыс айтқым келеді. Командаға келген алғашқы күннен бастап маған қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ризамын. Әріптестеріме, клуб қызметкерлеріне бірлескен жұмысымыз үшін мың алғыс!

Клубқа жаңа маусымда сәттілік, жаңа еурокубок турнирінде жеңіс тілеймін. Жарқын жеңістерге жетіңіздер! Алға, Қостанай!"- деді футболшы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Ерланов "Тобыл" сапына өткен жылы ауысқан еді. Өткен маусымда қостанайлық клубтың жейдесінде 17 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Темірлан дәл қазіргі сәтте "Ордабасы" клубының оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров