Жарнама
Жарнама

Темірлан “Ертістің” ойынын жүргізіп тұр

Павлодарлық “Ертіс” командасының шабуылшысы Темірлан Ағымановтың аяқ-алысы жаман емес.

Жарнама
Жарнама

18 жастағы шабуылшы Павлодар ұжымында өткізген соңғы 7 кездесудің 6 гол соқты. 

Атап айтсақ, Ағыманов “Түркістан” (3Х), “Хан-Тәңірі”, “Алтай”, “Ақтөбе 2”, “Қайрат 2” және “Шахтер” қақпаларынан саңылау тапты. Жас ойыншы тек SD Family клубына қарсы ойында олжасыз қалды. 

“Түркістаннан” басталған голдық сериялар тізбегіне дейін Темірлан 9 ойын қатарынан гол соға алмай келген болатын. 

Айта кетейік, “Ертіс” ұжымы Бірінші лигасының 16-турынан кейін 36 ұпаймен турнир кестесінде 2 орында келеді. Павлодар ұжымы 1 орында келе жатқан “Каспий” клубынан 5 ұпайға артта қалуда. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: