Жарнама
Жарнама

Тэмми Абрахам мансабын Италияда жалғастырады

15.08.2021, 15:17
«Челси» кейінірек футболшыны қайта сатып алғысы келсе, 80 миллион еуро төлейтін болады.
Жарнама
Жарнама

"Челси" шабуылшысы Тэмми Абрахам "Рома" клубына ауысуға өз келісімін берді, деп хабарлайды Sky Sport.

Абрахам бүгін, 15 тамызда Римге ұшады деп күтілуде. Трансфер жақын күндері ресми түрде жарияланатын болады. "Рома" лондондық клубқа ойыншы үшін 40 миллион еуро төлейді. Римдік клуб бұл ақшаны бөліп беру туралы келісімге келген. Ал англиялық шабуылшының жылдық жалақысы 6 миллион еуроны құрайды.

Тэмми Лондонда қалып, мансабын "Арсеналда" жалғастырғысы келіп еді, бірақ "канонирлер" тарапынан ресми ұсыныс түскен жоқ. "Челси" өз кезегінде футболшыны қайта сатып алу мүмкіндігін де қарастырып қойды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров