Жарнама
Жарнама

Тэмми Абрахам «Рома» ойыншысы атанды

17.08.2021, 22:57
Трансфер құны 40 миллион еуроны құрады.
Жарнама
Жарнама

Лондондық «Челсидің» шабуылшысы Тэмми Абрахам «Рома» ойыншысы атанды, деп хабарлайды римдік клубтың ресми сайты.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары «Рома» Абрахам үшін «Челси» клубына 40 миллион еуро төлеуі тиіс деп хабарлаған. Бұл ретте лондондық клуб 2023 жылдың маусымынан кейін ойыншыны 80 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

2020/2021 жылғы маусымда Абрахам «Челси» үшін барлық турнирлерде 32 кездесу өткізді, онда 12 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.

Естеріңізде болса, 14 тамыз күні «Рома» шабуылшысы Эдин Джеко «Интерге» ауысқан еді. Абрахам «Ростовтың» бұрынғы шабуылшысы Эльдор Шомуродовтың командаласы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров