Шотландиялық “The Daily Record” басылымының сарапшылары Алматыда өтетін “Қайрат” - “Селтик” арасындағы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жауапты ойынына болжам жасады.
Майкл Гэннон:
“Бұл кеште бізді өте шиеленісті матч күтіп тұр. Болжам: Қайрат 0:1 Селтик.”
Райан Макдональд:
“Бұл УЕФА рейтингінде 56-орындағы клуб пен 315-орындағы клуб арасындағы ойын. “Селтик” “Сент-Джонстоннан” да төмен тұрған команданы өткізіп жіберуге құқы жоқ. Ойын жүйкені тоздыруы мүмкін, бірақ қосымша уақытта “Кельттердің” жанкүйерлері тойлайды. Болжам: Қайрат 2:3 Селтик (қосымша уақыт).”
Гэвин Берри:
“Қайрат” күткеннен мықтырақ болып шықты, бірақ бәрібір УЕФА рейтингінде 315-орында. Егер “Селтик” мұндай команданы өте алмаса нағыз сенсация болар еді. Алғашқы матчтан кейін Брендан Роджерс командасын барынша дайындайды. Оның үстіне, дарынды Дастан Сәтпаев алаңға шықпайды. Болжам: Қайрат 0:2 Селтик”
Крэйг Свон:
“Бұл жолы “Селтик” артықшылығын дәлелдеу керек. Болжам: Қайрат 0:1 Селтик”
Фрейзер Уилсон:
“Селтик” бұл жағдайды өзі ушықтырды енді 40 миллион фунттан айырылып қалу қаупі бар. Бірақ тәжірибе жеткілікті, қысымға шыдайды. Роджерс Қазақстанда басқа деңгейдегі “Кельттерді” көреміз деді. Болжам: Қайрат 0:1 Селтик”
Скотт Бёрнс:
“Өткен аптадан кейін бәрі қыл үстінде тұр. “Селтикт” бар күшін салуы қажет. Иә, оларда гол соғуда қиындық бар, бірақ бәрібір өтуі тиіс. Тіпті пенальти сериясына дейін жетсе де. Болжам: Қайрат 1:1 Селтик (пенальтиде “Селтик” жеңеді)”
Біздің серіктес: FONBET