Жарнама
Жарнама

Thestatszone.com басылымы: Қазақстан құрамасының тәжірибесіздігі шешуші рөл ойнайды

02.09.2025, 23:41

Халықаралық портал Thestatszone.com 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Уэльс арасындағы матчқа болжам жасады.

Жарнама
Жарнама

— Қазақстан бұл ойынға маусым айында өткен үшінші турдағы Солтүстік Македониядан (0:1) өз алаңындағы жеңілістен кейін келіп отыр. Бұған дейін қазақстандықтар сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтқан. Алайда қазір команда буын алмасу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Қарсылас — Крейг Беллами баптайтын Уэльс. Олар жақсы нәтиже көрсетіп жүр, бірақ кейде жалған әсер қалдырады. Маусым айында валлийліктер Бельгиямен кездесуде 0:3 есебінен 3:3-ке дейін жетіп, соңында Кевин Де Брюйненің шешуші голын өткізіп алды. Қазақстан құрамасының тәжірибесіздігі мен ойыншыларды таңдаудағы ерекшеліктерді ескерсек, Уэльс бұл матчта сенімді жеңіске жетуі тиіс, — деп жазады басылым.

Үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай бар. Уэльс жеті ұпай жинаған. Наурыз айында Кардиффте өткен алғашқы ойында валлийліктер 3:1 есебімен басым түскен еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: