Жарнама
Жарнама

Тибо Куртуа Ламин Ямалға жоғары баға беріп, “Барсаға” астарлы жауап қатты

21.11.2025, 17:35

"Реал Мадрид" қақпашысы Тибо Куртуа жас жұлдыз Ламин Ямалдың талантын ерекше атап өтіп, сонымен бірге өткен маусымдағы Эль Классиколардан қалған дауларды қайта қозғады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

El Partidazo de COPE бағдарламасына берген сұхбатында Бельгиялық қақпашы Ламин Ямалды әлем футболының жаңа буынын бастайтын жас дарын ретінде сипаттады.

"Мен үшін Ламин — өз дәуірін қалыптастыратын жоғары деңгейдегі ойыншы. Ол "Барсаның” келешегін айқындайтын футболшы.” — деді Куртуа.

Оның айтуынша, Классикоға дейін Ямалдың Kings League эфиріндегі сөздері біраз қызу талқы туғызғанымен, мұндай қысым мен эмоция жұлдыз футболшылардың айналасында әрқашан болатынын атап өтті.

Сұхбаттың ең көп талқыланған тұсы — Куртуаның "Барсаның" өткен маусымдағы үстемдігі туралы сөзі.

"Біз былтыр олардан төрт рет ұтылдық. Кейде сол отты қайта жағу керек. Қарсыласыңмен қайта жолыққың келетіндей сезім болуы шарт." — деді ол.

Ал оның ең өткір пікірі айыптау сияқты естілді:

"Олар бізді жеңген кезде құрмет көрсеткен жоқ."

Куртуаның сөзінше, Эль Классико — эмоцияға толы матч. Эмоцияға толы сәттерде айтылған сөздер кейін басқаша сезілуі мүмкін. Бірақ дәл бұндай шиеленіс бәсекенің өзіндік табиғаты екенін айтады.

Қатты пікірталасқа қарамастан, Куртуа Ламин Ямалмен ешқандай жеке текетірес жоғын баса айтты:

"Ертең Карвахаль немесе Дин ұлттық құрамада Ламинмен кездессе, ешқандай проблема болмайды. Барлық нәрсе алаңда қалады.” — деді ол.

Тіпті оны көшеде немесе мейрамханада кездестірсе, еш ойланбастан амандасатынын атап өтті. Оның айтуынша, Эль Классикоға дейін айтылған өткір сөздер — арандату емес, тек қосымша мотивация.

"Егер сен жеңіске құмар футболшы болсаң, ондай сөздер сені одан сайын жігерлендіреді.” — деді Куртуа.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров