Жарнама
Жарнама

Тибо Куртуа - Мадридтің қос клубымен Ла Лигада жеңіске жеткен ойыншы атанды

17.07.2020, 12:46
Осы маусымда Куртуаның командаға көп пайдасы тиді.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадридтің» 28 жастағы бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа Корольдік клубпен бірге Испания чемпионы атанудың тарихи жетістігін атап өтті, деп хабарлайды Twitter-де Мистер Чип.

Куртуа Мадридтің қос клубымен - "Реал Мадрид" және "Атлетико" клубтарымен Ла Лиганы жеңіп алған екінші ойыншы болды. Алғашқы ойыншы 1951 жылы «Атлетико» мен 1954-1955 жылдары «Реал Мадридпен» чемпион болған Хосе Луис Перес-Пайе болды. Куртуа бұған дейін «Реал Мадридтің» 1988 жылдан бастап Ла Лигадағы бір маусымда 18 құрғақ матч ұстаған алғашқы қақпашысы атанған болатын.

Бельгиялық 2018 жылы тамызда «Челсиден» 35 миллион еуроға «Реал Мадридке» ауысқан еді. Тибо «Реал» сапына өткеннен бері 75 кездесу өткізіп, оның 31 матчында гол жібермеді, Испания Суперкубогының иегері атанды және 2019 жылы клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы.

Оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың маусымына дейін есептелген. Мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 37-турында «Вильярреалды» (2:1) жеңіп, Ла Лига чемпионы атағын жеңіп алды. Реал Мадрид тарихта 34-ші рет чемпион болды. Соңғы рет Мадридтік клуб турнирді 2016/2017 маусымда жеңіп алған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров