"Астана" мен Армения құрамасының шабуылшысы Тигран Барсегян командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.
"27 жастағы армениялық футболшыға бірқатар еуропалық клубтар қызығушылық танытуда, олардың арасында венгриялық "Ференцварош" бар. Менің ақпарат көздерім Барсегянның кету ықтималдығы жоғары деп болжауда", - делінген хабарламада
Еске салайық, Тигран Барсегян "Астанаға" 2020 жылы "Қайсардан" ауысып келді. Премьер-лиганың өткен маусымында шабуылшы 19 ойынға қатысып үш голдың авторы атанды. Ал үшінші орынға ие болған "Астана" осы жылы Конференция лигасына қатысатын болады.
Біздің серіктес: FONBET