Жарнама
Жарнама

Тигран Барсегян: «Мені өз құрамында көргісі келетін командалар көп»

14.12.2020, 01:09
Футболшының келісімшарты тағы бір маусымға жарамды.
Жарнама
Жарнама

"Астана" клубы мен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян басқа клубтардан түскен ұсыныстар мен команданың бас бапкері Андрей Тихоновқа деген көзқарасы туралы айтты.

"Менің "Астанамен" келісімшарт бойынша тағы бір жылым бар. Мен командаға Қазақстан чемпионы болуға, сондай-ақ Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнауға көмектескім келеді. Келесі жылға қандай мақсаттар қойылғанын әзірше айта алмаймын. Қазіргі уақытта мен демалып жатырмын. Және телефонмен аз уақыт өткізуге тырысамын. Бірақ мені өз құрамында көргісі келетін командалар көп деп айта аламын. Қазақстанда бұған дейін ойнаған армян ойыншылары өздерін жақсы жағынан көрсетті. Біз олардың жұмысын жалғастырамыз.

Андрей Тихонов - керемет адам. Мен үшін ол ағам сияқты. Ол ойыншылар үшін бәріне дайын болатын бапкерлердің бірі", - деді Барсегян.

Армения құрамасының футболшысы "Астанаға" 2020 осы маусымның басында қосылды. Командамен бірге ол чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров