Жарнама
Жарнама

Тигран Барсегян словакиялық клубпен келісім-шартқа отырды

08.12.2021, 16:57
Келісім-шарт мерзімі үш жылға есептелген.
Жарнама
Жарнама

Словакиялық «Слован Братислава» клубы Армения құрамасының 28 жастағы жартылай қорғаушысы Тигран Барсегянның команда сапына қосылғанын хабарлады.

Армениялық футболшының жаңа клубпен келісім-шарты үш жылға есептелген және қаңтар айында күшіне енеді.

Барсегян «Слованға» «Астанадан» еркін агент ретінде ауысты. Еске салайық, ол елордалық клубта 2020 жылдың қаңтарынан бастап өнер көрсетті. Содан бері «Астана» жейдесінде 57 матч өткізіп, 15 гол мен 14 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Жартылай қорғаушы «Астана» сапындағы соңғы ойынын Премьер-лиганың 25-ші турында «Қайратқа» қарсы (0:1) өткізді. Ол ойында Барсегян трибунадағы жанкүйерлерге әдепсіз қимыл көрсеткені үшін Қазақстанның ішкі турнирлерінен бір айға дисквалификацияланды.

Барсегян 2019 жылы «Қайсар» клубының намысын қорғаған болатын (33 матч, 14 гол, 6 нәтижелі пас).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров