«Астана» мен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян KazFootball.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жетісумен» болған матқа (3:1) қатысты пікір білдірді.
- Тигран, сізді маңызды жеңіспен құттықтаймын! Бүгінгі ойынды қорытындыласаңыз...
- Бүгін қызықты ойын болды. Бізге қиын болатынын білдік, бірақ Құдайға шүкір, біз мінез көрсетіп, жеңіске жеттік.
- Бүгін сіздерге қарсы тұрған «Жетісу» Премьер-лигадан ұшып кетті. Бұл командаға қарсы ойнау қаншалықты қиын болды?
- Білесіз бе, жоғалтатын ештеңесі жоқ командамен ойнау әрқашан қауіпті.
- «Тобыл» да жеңіске жетіп, сіздерді қуып келеді. Бұл жағдай командаға әсер ете ме?
- Шынымды айтсам, мен футболды мүлде көрмеймін, нәтижеге қарамаймын. Олардың жеңгенін сізден естідім. Бұл бізге салмақ түсіре ме? Шынымды айтсам, бұл күлкілі сұрақ.
- Алда халықаралық үзіліс бар. Ұлттық құрамаға қандай көңіл-күймен барасыз?
- Мен әрқашан жеңіс үшін барамын, бұл клуб па, ұлттық құрама ма, маңызды емес. Бұл екі ойын Армения құрамасы үшін шешуші матчтар болып табылады. Біз қолымыздан келгенін жасауымыз керек.
Біздің серіктес: FONBET