ТИГУ командасы топ жарды

16.01.2019, 00:51
4 - 9 қантар аралығында Қаратау қаласында кіші футболдан 2005, 2006-2007, 2008-2009 ж. т. балалар-жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының құрметті азаматы Кеңесхан Сәбденұлы Ахаевті еске алуға арналған «Қысқы демалыс» атты Республикалық турнирі өтті. Турнирге 24 команда қатысты. Турнирді «Фосфорит-Шәріп» қоғамдық фонды және Ахаевтар отбасы ұйымдастырды. Барлық командалар Кубок, Диплом, Медальдармен және тағы басқада сыйлықтарымен марапатталды. Әрбір ойын әртүрлі есеппен аяқталсада, жеңілгендер болған жоқ, барлық қатысушылар жеңімпаз атанды. Қатысушылардың шеберлігі жас ерекшеліктеріне және нәтижелеріне қарамастан, ойындар ерекше қызумен өтті. Жас ойыншылар ерекше ынта-жігерімен ойнаса да, жанкүйерлер оларды шабыттандыра білді. Турнирдің нәтижелері жас ерекшеліктері бойынша: - кіші жас 2008-2009 ж.т. балалар арасында турнирдің жеңімпазы атанған Атырау облысының, Махамбет командасы, жүлдері екінші орынға ие болған №5 ОМБЖСМ Тараз қ., жүлдері үшінші орынға Қызылорда облысы Арал қаласынан және Жаңатас қаласының «Казфосфат» командалары ие болды. - 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында турнирдің жеңімпазы атанған «Тараз Иновациялык-Гуманитарлык Университетынын» балалар футбол клубы Тараз қаласы, жүлдері екінші орынға ие болған №5 ОМБЖСМ Тараз қ., жүлдері үшінші орынға Жаңатас қаласының «Казфосфат» және Қаратау қаласындағы БЖСОТБЖСМ-нің командалары ие болды. - 2005 ж.т. жасөспірімдер арасында турнирдің жеңімпазы атанған жергілікті Қаратау қаласының «Фосфорит» командасы, жүлдері екінші орынға Түркістан облысы, Таукент қаласының «Қуаныш» командасы, ал жүлдері үшінші орынға тағыда Жаңатас қаласынан келген «Казфосфат» ие болды.