Қазақстан құрамасы мен Грозныйлық "Ахматтың" шабуылшысы Максим Самородов отандасы Ғалымжан Кенжебектің клубқа ауысуына қатысты қызықты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футбол жолы YouTube-арнасына берген сұхбатында Самородовтың айтуынша, Кенжебек трансфер алдында онымен байланысқа шығып, жағдайды астыртын барлаған.
"Бастапқыда ол маған жазып, жағдайды алыстан орағытып сұрай бастады: "Ол жақта не болып жатыр? Кімдер бар? Жағдай қалай?” деп. Әрине, мен оның бұл сөздерді не үшін айтып жатқанын бірден түсіндім.” – дейді Максим.
Көп ұзамай Самородов досының құпиясын ашу үшін сұрақты төтесінен қойған: "Сен менің қасыма келмекшісің бе?" Басында "Әзірге білмеймін” деп жауап берген Кенжебек, небәрі екі сағаттан кейін "Иә" деп нақты шешімін айтқан екен. Ал Максим, "Онда кел, есігіміз ашық, қош келдің!” — деп досын жылы қарсы алған көрінеді.
Максим Самородов Ресей Премьер-лигасында қазақстандық ойыншылардың қатары артып жатқанына дән риза. Әсіресе, бір клубта екі отандастың бірге өнер көрсетуі команда ішіндегі бейімделу мен өзара түсіністікке оң әсер ететінін атап өтті.
"Бұл факт мені қатты қуантады. Ал оның дәл менің командама келгені тіпті керемет болды.” — деп түйіндеді шабуылшы.
Біздің серіктес: FONBET