31 жасар Тараз футбол мектебінін түлегі және «Ертіс» командасының шабуылшысы Мұрат Тілешев Қазақстан біріншілігіндегі өзінің экс-командасы «Ақтөбеге» қарсы 300-кездесуін өткізді. Мұрат бұл ойында гол соққанмен командасы 7:2 есебімен женіліс тауып, мерей тойлық кездесуі жақсы көніл-күй сыйлай қоймады.
Мұрат өз карьерасын 1998 жылы «Тараз» сапында бастап, командада 39 кездесуде 9 допты қарсыластар қақпасына енгізген. Одан соң «Шахтер» сапында 35/15 , «Ордабасы» сапында 20/6 , «Ақтөбе» сапында 51/30, «Ертіс» сапында 6/1.
300 кездесуде барлығы 132 гол. Орташа есеппен 1 ойында 0,44 доп.