Жарнама
Жарнама

Тілешовке тіс қайраған Асланды алдынан тосқан қай ұжым?

«Оқжетпес» директорымен жаға жыртысуға дейін барған?! Тілешовке тіс қайраған Аслан Дарабаев жаңа клубпен келісімге келді, деп жазады Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев жақын аралықта түркістандық “Тұран” сапын толықтырады. 

36 жастағы тәжірибелі ойыншы соңғы рет көкшетаулық “Оқжетпес” клубында өнер көрсетті. Онда Дарабаев барлығы 12 ойын өткізіп, өз командасының маңызды кездесулерде жеңіске жетуіне үлес қосты. 

2021/22 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанған Аслан өз мансабында қарағандылық “Шахтер”, “Ақтөбе”, “Атырау”, алматылық “Қайрат”, павлодарлық “Ертіс”, қостанайлық “Тобыл”, талдықорғандық “Жетісу”, “Астана” және семейлік “Елімай” клубтарында өнер көрсетті.

Көкшетаулық команда Аслан Дарабаевтың клубтан кету себебін, ойыншы келісім шартының аяқталуымен түсіндірді. Алайда соңғы кездері жартылай қорғашуының "Оқжетпес" басшылығымен әңгімесі жараспағанын жеткізгіміз келеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: