Жарнама
Жарнама

Тимощук: «Біз Боранбаевпен Вагнер Лавтың «Қайратқа» ауысуын талқыладық»

14.07.2020, 15:45
Вагнер Лав жанкүйерлер үмітін ақтай алар ма екен?
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі «Зенит» бас бапкерінің көмекшісі Анатолий Тимощук Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавтың Алматы клубына ауысуы туралы пікірін білдірді. Украинаның айтуынша, бұл трансфер Қазақстан премьер-лигасы үшін үлкен оқиға болды.

- Вагнер Лав Қазақстанға мансабын аяқтауға келді. Сіздің ойыңызша, оның «Қайратқа» ауысуын қалай бағалауға болады?

- Біз «Қайрат» президенті Қайрат Боранбаевпен жақсы байланыстамыз. Айтпақшы, біз онымен Вагнер Лавтың қазақстандық клубқа ауысу тақырыбын біршама талқыладық. Жергілікті біріншілік үшін бұл үлкен оқиға, әрине, «Қайрат» үшін бұл керемет трансфер. Вагнер Лав өзінің тәжірибесімен, шеберлігімен Қайратқа жақсы пайда әкеледі», - деді Тимощук.

Еске салайық, "Қайрат" футбол клубы 36 жастағы Вагнер Лавтың Алматылық клубқа ауысуын 8 шілдеде жариялаған болатын. Ал, одан бұрын 23 маусымда бразилиялықтың өзі «Қайратқа» ауысатынын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Лавтың «Қайраттағы» жалақысы және қашан дебют жасайтыны белгілі болатын. Алматы клубында шабуылшы тоғызыншы нөмірмен ойнайды.

Вагнер Лавтың соңғы клубы "Кориантианс" болды, Лав бұл команда үшін 2019 жылғы Бразилия Чемпионатының 29 матчында бес гол соқты. Шабуылшы сонымен қатар "Палмейрас" пен "Фламенго", Ресейлік "ЦСКА", қытайлық "Шандонг Луненг", Франция чемпионатындағы "Монако" және Түркияның "Аланьяспоры" және "Бешикташ" клубтарында да өнер көрсетті. Бразилия құрамасы үшін Вагнер Лав 20 матч өткізіп, төрт гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров