30 жастағы қазақстандық шабуылшы Тимур Байжанов ресейлік "Тюмень" клубынан кетті.
Тимур Байжанов - Павлодар футболының түлегі. Ол өзінің кәсіби мансабын 2006 жылы "Ертістің" жастар құрамасында бастады. Ол "Ақ бұлақ", "Қазақмыс", "Екібастұз", "Қайрат", "Қайсар", "Қызыл-Жар", "Спартак", "Тараз", "Оқжетпес" сияқты қазақстандық командаларда ойнады.
Ресейлік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншының алған жарақаттары "Тюменьде" ойнауына кедергі келтірген.
Біздің серіктес: FONBET