Жарнама
Жарнама

Тимур Досмағамбетов “Ақтөбе” сапындағы екінші голын соқты

36 жастағы тәжірибелі қорғаушы кеше “Тобыл” командасына қарсы ойында нәтижелі әрекетімен көзге түсті.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионы “Ақтөбе” сапында 16 жылдан кейін алғаш рет қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Ол “Тобылға” қарсы кездесудің 68 минутында айып алаңы сыртынан келген допты әуеде қалқыған күйде торға тулатты. Ойын соңынан кейін блиц-сұқбатта ол кешегі соққан голын әкесінің туған күніне арнағанын жеткізді.

Еске салсақ, Тимур “Ақтөбе” командасындағы алғашқы голын 2010 жылдың 28 сәуірінде “Атырауға” қарсы соққан. 

Ендігі кезекте Досмағамбетов доп тебетін ұжым 16 наурыз күні Алматыдағы Орталықта “Қайратта” қонақта болады. Араға бес күн салып, Николай Костов шәкірттері семейлік “Елімайды” қабылдап, 3-турды қорытындылайды.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: