«Астана» Қазақстан құрамасының 33 жастағы қорғаушысы Тимур Досмағамбетовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Тимур елордалық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Ол жаңа командада 27-ші нөмірмен өнер көрсетпек.
Тимур Досмағамбетов – Көкшетау футболының түлегі. Ол Қазақстан чемпионатында бас-аяғы 290 кездесу өткізіп, 29 гол мен 26 нәтижелі пастың авторы атанды.
Қазақстан құрамасында 13 ойын өткізген.
Досмағамбетовтің соңғы клубы қарағандылық «Шахтер» болды. 33 жастағы футболшы «кеншілер» сапында 14 кездесуге қатысып, 5 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET