Жарнама
Жарнама

Тимур Досмағамбетов “Оқжетпес” командасында ары қарай да өнер көрсете береді

Команда капитаны Көкшетау клубындағы келісім шартын ұзартады.

Жарнама
Жарнама

Жалпы Тимур Досмағамбетов “Оқжетпес” ФК ардагер ойыншысы деп атауға болады. Бұған себеп, қорғаушы Көкшетау командасында 109 ойын өткізген. Сол арқылы ол “Оқжетпес” клубының ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде үздік үштікке кіреді. Тізімнің көш басын 144 матч өткізген - Евгений Захарченко бастаса, екінші орында 111 ойын өткізген - Олег Фистикан жайғасқан.

Осы маусымда капитан Досмағамбетов өз командасының қорғанысында өте сенімді өнер көрсетті. 36 жастағы қорғаушы ішкі чемпионаттың 3 және 15-турларының символикалық құрамына да кіріп үлгерді. 

Тимур өз мансабында “Оқжетпестен” бөлек, шымкенттік “Ордабасы”, “Тараз”, қарағандылық “Шахтер”, “Астана”, “Тобыл” және “Восток” жейделерінде доп тепті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: