Жарнама
Жарнама

Тимур Досмағамбетов : “Ол өте қарапайым адам”

Бүгін, 14:34

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Тимур Досмағамбетов Луиш Нанимен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Португалиялық жұлдыз жергілікті футболшыларды өзінің қарапайымдылығымен таңғалдырған көрінеді. Досмағамбетовтың айтуынша, “Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы ойыншысымен тіл табысу еш қиындық тудырмайды.

“Нани — өте қарапайым жігіт. Тілдескенде де, өзін ұстауы да қарапайым. Оның атақ-даңқы қарым-қатынасқа еш кедергі келтірмейді.” — деді Тимур Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетсек, 36 жастан асқан Досмағамбетов қазіргі таңда ҚПЛ-дағы ең жасы үлкен футболшылардың бірі. Алайда Тимурдың өзі бұл статистикаға бас қатырмайтынын айтты. Оның бар ойы тәжірибесімен бөлісіп, командаға пайда әкелу.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров