Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан құрамасының 33 жастағы қорғаушысы Тимур Досмағамбетовтің командадан кеткенін хабарлады.
Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Тимур Досмағамбетов «Шахтерге» қаңтар айында «Тараздан» еркін агент ретінде ауысқан болатын. Содан бері футболшы қарағандылық клуб сапында 13 кездесу өткізіп, 5 гол соқты.
Тимур маусым айында Қазақстан құрамасына шақырту алып, Ұлттар лигасы аясында үш ойынға қатысқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET