Жарнама
Жарнама

Тимур Сегізбаев атындағы футбол академиясы ашылды

28.10.2011, 20:14
Жарнама
Жарнама
Алматы төрінде қазақ футболының феномені, аяқдоп ардагері Тимур Сегізбаев атындағы академия ашылды. Бұл елімізде ашылған тұңғыш ірі академиялардың бірі. Академияның ашылу салтанаты Алматы төріндегі «Алаш» стадионында салтанатты түрде өтті. Жиынға қазақ футболының ардагерлері мен бапкерлер жиналды. Дәстүрлі лента қиылған соң, академияның алғашқы шәкірттерінен құралған екі команда арасындағы жолдастық кездесуге ұласты. Жалпы, Тимур аға Сегізбаев атындағы аяқдоп академиясына бірден 40 жеткіншек оқуға қабылданды. Доп тебудің қыс сырын үйретер ордада қазақстандық білікті бапкерлер сабақ береді. Бұған қоса алдағы уақытта академияға Бразилия, Англия, Түркия елдерінен арнайы бапкерлер шақырылмақ.  Бұл туралы бізге академияны ашуға мұрындық болған Қайрат Закирьянов мәлімдеді. -         Бұл академияға жылына жүзге жуық бала қабылдау ойда бар. Қазір қабылдау сынақтарының түрін анықтаудамыз. Еліміздің түпкіріндегі кез келген балаға академия есігі ашық. Сынақтан сүрінбей өткен таланттарды тегін оқытуға дайынбыз. Бұл қазақ футболын дамытуға басталған сәтті қадамымыз. Біз футболдың қыр сырын үйреткенге Еуропа, Америка елдерінен мықты мамандарды да шақыруды жоспарлап отырмыз. Осыған дейін Нелли Ким атындағы гимнастика және Әлжан Жармұхамедов атындағы баскетбол академиясын ашқан едік. Ал Тимур аға Сегізбаев: «Бұл мен үшін үлкен құрмет. Алдағы уақытта шамам келгенше өзімде келіп балаларға футболдың қыр сырын үйретуге тырысам. Бұл елімізде ашылған алғашқы академия емес. Алдағы уақытта бұл іс  өз жалғасын табарына сенемін» деп қысқа қайырды.  Қазір академияда алғашқы сабақтардың бір парасы өткізіліп үлгерді. Алдағы уақытта жаңа шәкірттер қабылдау науқаны басталады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров