Тлешев Керекуге қайта келді

11.12.2010, 00:15
Қазақстанның белді шабуылшыларының бірі Мұрат Тілешев "Ертіс" сапына қайта оралды. Кезінде осы команданың сапында жасындай жарқылдап, керемет өнер көрсеткен болатын. Енді осы ұжыммен қайтадан бақытын іздемек. Сондай-ақ, қақпашы Александр Мокин "Шахтерге" ауысты. Шымкенттен Қарағандыға ауысқан қақпашы ұлттық құрама сапына үнемі алынып тұруды ойластыруда.