Жарнама
Жарнама

Тоби Алдервейрелд мансабын өз елінде жалғастырады

17.07.2022, 16:22
Футболшы соңғы маусымды катарлық клубта өткізген еді.
Жарнама
Жарнама

Бельгиялық қорғаушы Тоби Алдервейрелд катарлық «Аль-Духайлдан» бельгиялық «Антверпенге» ауысты, деп клубтың ресми сайты.

33 жастағы қорғаушы бельгиялық клубпен үш жылдық келісім-шартқа отырды. Ойыншы жаңа командада 23-ші нөмірмен ойнамақ.

Тоби мансабының көп бөлігін «Тоттенхэмде» өткізді (236 матч). Сондай-ақ ол Бельгия құрамасы үшін 2014 және 2018 жылдардағы әлем чемпионаты мен 2016 және 2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты (113 матч).

Transfermarkt порталы ойыншыны 7 миллион еуроға бағалайды. Алдервейрелд бұған дейін «Саутгемптон», «Атлетико Мадрид» және «Аякс» командаларында доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров