Жарнама
Жарнама

«Тобыл» алғашқы трансферін жасады

18.02.2021, 20:58
Сильва өткен маусымда «Тараздың» үздік сұрмергені атанды.
Жарнама
Жарнама

Гвинея-Бисау ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Сильва жаңа маусымда «Тобылдың» намысын қорғайды.

Айта кету керек, Тони Сильваның португалиялық паспорты да бар. Басқа елде туса да, Португалияда жастық шағын өткізді. 2015-2016 жылдары ұлттық чемпионатта өнер көрсетті. «Унио Мадейро» командасы үшін 14 матч өткізіп, 3 гол соқты. 2009 жылы Англияға қоныс аударды, «Челси», «Ливерпуль» жастар командаларында, сондай-ақ «Барнсли» және «Дагенхэм» құрамында ойнады. 2020 жылға дейін Тони Грекия, Гвинея-Бисау, Болгария, Сауд Арабиясы және Түркияның клубтарында өнер көрсетті.

Өткен жылы жартылай қорғаушы «Таразбен» келісім-шартқа қол қойды. Дебюттік маусымында жамбылдық клуб сапында 17 матчта 4 гол соқты.

Халықаралық деңгейде Сильва Португалияның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті, бірақ кейін Гвинея-Бисау құрамасын таңдады. Ұлттық құрама сапындағы 11 ойында ол екі гол соқты. 

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров