Жарнама
Жарнама

«Тобыл» «Ақтөбеден» басым түсіп, «Астанамен» арадағы ұпай айырмашылығын үшке дейін қысқартты

30.05.2021, 03:00
«Тобыл» келесі турда «Астанамен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

"Тобыл" Қазақстан чемпионатының екінші айналымындағы алғашқы турда "Ақтөбені" жеңді. Матч "Тобыл Аренада" өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 16-минутында Тонго Думбия Руслан Валиуллинге қарсы тәртіп бұзды. Нәтижесінде "Ақтөбе" қақпасына пенальти белгіленді. Команда капитаны Азат Нұрғалиев бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді. 28-минутта Дмитрий Мирошниченко командасының екінші голын соқты. Ал ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Боян Дубайич есеп айырмасын қысқартты.

Үш ұпайды қоржынына салған Григорий Бабаян шәкірттері турнирлік кестеде 31 ұпаймен алғашқы орында тұрған "Астанаға" жақындады (34 ұпай). Ал "Ақтөбе" 13 ұпаймен он бірінші орырда қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров