Жарнама
Жарнама

«Тобыл» «Астананы» еш қиындықсыз жеңді

26.08.2020, 00:55
Чемпиондыққа алғашқы қадамды екі команда жасады - «Қайрат» және «Тобыл»
Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың төртінші турының кейінге қалдырылған матчында қостанайлық «Тобыл» «Астананы» жеңді. Ойын бүгін, 25 тамызда Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында өтті және 2:0 есебімен аяқталды.

«Астанаға» қарсы екі голды да елордалық клубтың бұрынғы ойыншылары салды. 15-минутта жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев шабуылшы Роман Муртазаевтың пасынан кейін гол соқса, 57-минутта қосалқы құрамнан шыққан Серікжан Мужиков әдемі голдардың бірін соқты.

«Қайрат» 15 ұпаймен ҚПЛ кестесінде көш бастап тұр. Одан кейін «Тобыл», «Ордабасы», «Қайсар» және «Астана» командалары 10 ұпайдан жинаған. Сонымен қатар, алматылықтар мен шымкенттіктер алты матч, Қостанай мен астаналық клуб - бес, ал Қызылордалық клуб - төрт матч өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров