Қостанайдың "Тобылы" Румынияның "КСУ Крайова" командасының жартылай қорғаушысы Горан Закаричті қатарға қосты.
27 жастағы футболшымен клуб 2 жылдық еңбек келісім-шартына қол қойды. Transfermarkt порталына сүйенсек, оның құны 1 миллион еуроға бағаларып отыр.
"КСУ Крайова" командасынан бұрын өз елінде "Широки Бриег", "Зриньски", "Железничар", Хорватияның "Славен", "Локомотив Загреб" ұжымдарында ойнаған. Сонымен қатар, 2018-2019 жылы Сербияның "Партизан" командасында 29 ойында алңға шығып, 4 гол салған.
Босния және Герцеговина құрамасының жастар құрамасында, ал 2014 жылдан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін 11 матчта ел намысын қорғаған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET