Қазақстан Премьер-Лигасының 23-турында «Атырау» өз алаңында турнир кестесінің үздіктерінің бірі «Тобылды» қабылдады.
Бірінші таймда қос команда да шабуылда белсенді болғанымен, есеп ашылмады. Ал 66-минутта Ян Труфанов баспен соққан гол матч тағдырын шешті. Есеп: 1:0.
Осылайша, аутсайдер саналатын «Атырау» өз қоржынына маңызды үш ұпай жазып, жалпы ұпай санын 15-ке жеткізді. Команда әзірге турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Ал «Тобыл» жеңілсе де, 44 ұпаймен үшінші орында қалды. Әйтсе де олар теориялық тұрғыдан турнир кестесінің бірінші орынына шығу мүмкіндігінен айырылып қалды. Сонымен қатар, қонақтар жеңбек түгілі, 90 минутта бірде-бір дәл соққы бағыттай алмады.
«Атырау» — «Тобыл» 1:0 (0:0)
Гол: Труфанов 66 (1:0).
Біздің серіктес: FONBET