Қостанайлық ұжым бір айдан кейін Исламға жаңа келісім шарт ұсынбақ ниетте екен.
Футболшының өзі “Тобылда” қалғысы келмейтінін ашық айтыпты. Чесноков мүмкіндік туып жатса, шетел чемпионатына ауысқанды құп көреді.
“Сары-жасылдар” ойыншысы Исламның соңғы ойындардағы көрсеткіші мүлдем төмендеп кеткенін байқап жүрміз. Осыдан-ақ шабуылшының “Тобылда” ары қарай ойнауға құлқы жоқ екенін көреміз. Бірақ соған қарамастан, команда Исламға жаңа келісім шарт ұсынамыз депті.
Жалпы Чесносковтың Солтүстік ұжымында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері ел құрамасы футболшысы өз командасында барлығы 86 матч өткізіп, 26 гол мен 13 голдық пас берді.
Бір өкініштісі, қазан айында 25 жастағы вингерді өз қатарына қосады деген шотландиялық “Хартс” клубы тарапынан әзірге ешқандай хабар жоқ.
Біздің серіктес: FONBET