"Атырау" Қазақстан Кубогінің алтыншы турында "Тобылды" қабылдады. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.
Кездесудің 8-минутында "Атыраудың" бразилиялық шабуылшысы Аллеф пенальтиден мүлт кетпеді. 58-минутта Игорь Сергеев Роман Асранқұловтың пасынан кейін есепті теңестірді. 75-минутта Жереми Манзорро командасын алға шығарды. Ал 85-минутта Зоран Тошич матчтың нүктесін қойды.
В тобында 12 ұпай жинаған "Тобыл" мен 10 ұпай жинаған "Тараз" ширек финалдық жолдамаға ие болды.
Біздің серіктес: FONBET