Жарнама
Жарнама

«Тобыл» Достастық Кубогін жеңіспен бастады

16.01.2011, 19:05
Жарнама
Жарнама

Ел чемпионы «Тобыл» Достастық кубогі жолындағы алғашқы кездесуін өзбекстандық «Бунедкор» командасымен өткізіп жеңіске қол жеткізді.

Ойын бастала салысымен қостанайлық команда ойынды өз қолдарына алып, 16-минутқа дейін,  қарсыластарының қақпасына екі гол ұрып үлгерген болатын. Бірақ, бірінші таймның бел ортасында «Бунедкор» Анвор Солиевтің көмегімен есепті қысқартты. Содан кейін Мыржолал Қасымов баптайтын өзбекстандық команда қарқындарын үдейте түсіп, матч біткенше Александар Петуховтың қақпасын  шабуылдаумен болды.  Десе де, Равиль Сабитовтың командасы бұл күні қорғаныста керемет ойнап, қарсылас командаға есепті қысқартуға мүмүкіндік берген жоқ.

«Тобыл» — «Бунедкор» 2:1 (2:1) Голдар: Богданов, 6 (1:0). Рашкович, 16 (2:0). Солиев, 26 (2:1). "Тобыл": Петухов, Данаев, Сливич, Лазаревич, Овшинов, Костюк, Лайзанс (Қуантаев, 74), Юрин (Гридин, 80), Савенас (Малышев, 71), Рашкович (Гребис, 56), Богданов. "Бунедкор": Тұраев (Худояров, 26), Хвостунов (Ковалев, 46), Гафуров, Ашурматов (Каримов, 46), Шорахмедов, Иномов, Ибрагимов, Мельзидинов (Нагаев, 69), Израилов, Солиев (Ирисметов, 72), Ражабов (Мандзукас, 78). Ескерту алғандар: Иномов, 43. Малышев, 72. Гридин, 87. Ковалев, 90. Алаңнан қуылғандар : Иномов, 75. Төрешілер: Егоров, Жвакин, Демешко. Санкт-Петербург. СКК "Петербургский". 200 көрермен