«Тобыл» Еуропалық тәжірибесі бар футболшыны қатарына қосты

04.02.2023, 16:50


Қостанайлық ұжым Ислам Чесноковпен жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды.

Ислам Чесноков "Алтай" ФК түлегі. 2018 жылдан бері жастардың командасында ойнап келеді. 2020 жылдың 15 қыркүйегінде "Тұранға" қарсы дебюттық ойынын өткізді. 

2021 жылдың сәуір айында ол "Белшина" сапын толықтырды. 2022 жылдың 20 наурызында Ислам "Днепрға" қарсы ойынға алаңға шықты. Бір ай өте "Белшина" үшін алғашқы голын соқты. Маусым қорытындысы бойынша футболшы белорустық ұжым үшін 28 ойын өткізіп, 3 гол салған болатын. Ислам "Белшинаның" жоғарғы лигада қалуына көмектесті.