Жарнама
Жарнама

«Тобыл» Фернандер Кассайды қайтадан командаға шақыруы мүмкін

06.01.2021, 19:35
Кассай «Тобылдан» 600 мың доллар талап етуде. Оның сөзіне сенсек, қостанайлық клуб жалған құжаттар жасаған көрінеді.
Жарнама
Жарнама

"Тобыл" африкалық қорғаушы Фернандер Кассайды командаға қайтаруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Қостанайлық клуб футболшының өкілдерімен келіссөздер жүргізуге тырысады және ынтымақтастық орнатудың түрлі нұсқаларын ұсынбақшы.

Кассайдың трансфері туралы шешімді "Тобылдың" бас бапкері қабылдайды. Бірақ Григорий Бабаянмен келісімшарт жыл соңында аяқталды, ал қазақстандық маман әлі жаңа келісімге қол қойған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Африка Республикасының қорғаушысы ФИФА арқылы қостанайлық клубтан 600 мың доллар талап еткенін мәлімдеді. Футболшы "Тобылмен" жасалған келісімшартының 2021 жылдың қараша айына дейін есептелгенін айтып, басшылықты қоқан-лоққы көрсетті деп айыптады.

Сонымен қатар 33 жастағы Кассай өзінің Instagram парақшасында ФИФА оның пайдасына үкім шығарғанын айтты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров