Жарнама
Жарнама

“Тобыл” ФК көшбасшыларының бірі елорда клубының ойыншысы атануы мүмкін

Ахмед Эль-Мессауди Григорий Бабаян командасына ауысады деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама

30 жастағы мароккалық осы маусымды сәтті өткізді деуге келеді. Жартылай қорғаушы жасылдар сапында 22 матч өткізіп, 7 гол мен 6 голдық пас берді. 

“Тобыл" сапында Эль-Мессауди биылғы жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Кубогы мен чемпионаттың қола жүлдесін жеңді. 

Бұған дейін футболшының агенті Ахмедті “Ақтөбеге” ұсынып көріпті. Алайда бас бапкер Николай Костов Мессаудиді керек қылмапты. Ендігі кезекте мароккалық өз қызметін “Астанаға” ұсынды. 

Айта кетейік, жартылай қорғаушы бельгиялық “Льерс”, “Стандард” және “Мехелен”, голландиялық “Гронинген”, “Фортуна” және “Эммен, және түркиялық “Газиантеп” клубтарының намысын қорғаған. Ел құрамасы сапында да Ахмед азды-кем 2 матч өткізіп үлгерген. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: